Араб туристтер Қаратеңізге келе бастады

Араб туристтер соңғы жылдары Трабзон қаласындағы Узунгөлге жиі келе бастады.

730247
Араб туристтер Қаратеңізге келе бастады

Түркияның әлемге танымал туризм орталығы және Қаратеңіз аймағындағы Трабзон қаласындағы Узунгөл соңғы жылдары араб туристтердің назарын аударуда.

Көктемнің келуімен маусымның алғашқы турист тобы Узунгөлге келді. Мәдениет және туризм министрлігінің мағлұматтарына қарағанда өткен жылы Трабзонға келген араб турист саны 500 мыңнан асты.

Туристтердің көпшілігі Сауд Арбиясынан келсе, биыл басқа да араб мемлекеттерден туристтер күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар