Халықаралық 13-ші Қорғаныс өнеркәсібі көрмесі ашылды

Премьер-министр Бинали Йылдырым Халықаралық 13-ші Қорғаныс өнеркәсібі көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты.

728661
Халықаралық 13-ші Қорғаныс өнеркәсібі көрмесі ашылды

Премьер-министр Бинали Йылдырым террор ұйымдарын жақсы көргендерге жылы қарамағандарын білдірді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым Стамбұлда «IDEF Халықаралық Қорғаныс өнеркәсібі көрмесінің 13-ші ашылу рәсіміне қатысты.

Баяндамасында Түркияның барлық елдердің қауіпсіздігіне мән бергенін атап айтқан Йылдырым террормен күресте барлық достарымен ынтымақтастығы кезінде бірдей саясат жүргізгендерін атап айтты.

Демократия, бейбітшілік, тыныштық және әділет үшін одан көп жігерлі адамға, мемлекет басшысына және ғалымға қажеттілік бар екенін білдірген Йылдырым «Түркия ретінде әрі өз қауіпсіздігімізді, әрі басқалардың қауіпсіздігін қорғаудың мүмкін екенін әрқашан айтамыз. Адам тіршілігін қорғауды негізге алатын саясатымыздың өзегі де осыдан тұрады. Өз қауіпсіздігіміз үшін қалағанымызды негізінде барша үшін қалаймыз. Өз сеніміміз үшін қалаған тәуелсіздікті басқалардың сенімі үшін де қалаймыз» деді.

Ең көп босқынды асырап, соғыстан зардап шеккен миллиондаған адамға құшақ жайған елдің Түркия екеніне назар аударған Йылдырым «Шекараларымыздың қауіпсіздігіне, шекара тұтастығымызға, жан мен мүлік қауіпсіздігімізге қалай мән беретін болсақ, қауіпсіздік саясаттарымызды адам мен тіршіліктерін қорғау үшін белгілейміз. Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз еткенде, миллиондаған адамға құшақ жаюымыз, барлық адамзат көруге тиісті бір шындық және пидақорлық болып табылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар