TRT радиолары - 90 жасында

Бурса қаласынан кейін Измирде де TRT Радио күндері шарасы аясында Радио ауылы құрылды.

725994
TRT радиолары - 90 жасында

Түркия Теле Радио корпорациясы TRT радиолары 90 жасын тойлауда.

Бурса қаласынан кейін Измирде де TRT Радио күндері шарасы аясында Радио ауылы құрылды.

Шара аясында TRT қызметкерлері далаға құрылған студиялардан трансляцияларын жалғастыруда. TRT өнер қайраткерлері де концерттер беруде.

TRT бас директоры Шенол Гөка осында сөйлеген сөзінде «Күнделікті тұрмыста көбіне байқалмайтын,  көп маңызды емес секілді көрінетін,  бірақ тыңдамасақ олқылық сезініп тұратын нәрсе – радио. Сондықтан ешқашан жоқтығын көрмейміз деп үміттенеміз. Дауыстың сиқырын жеткізіп тұратын радио жасай берсін» деді.

90 сағат үздіксіз трансляция жүргізіп, рекорд жасаған TRT Радио автобусы да сапарын Измир қаласында аяқтады.

TRT Радио департаменті төрайымы Амбер Түрікмен Анталия, Мерсин, Диярбакыр, Ерзурум, Трабзон, Стамбул, Бурса және Измир қаласын қамтыған TRT Радио автобусы сапарында әлемдік рекорд жасалғанын айтты. «90 сағат бойы үздіксіз радио трансляциясы жүргізілді. Осылайша рекорд болды. Бұл әлемде бірінші рет болып отыр. Оның үстіне бір автобустан эфирге шықты» деді ол.

Измирдегі TRT Радио күндері 7 мамырда аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар