Президент құттықтады

Ердоған алтын медаль алған палуандарды құттықтады.

726217
Президент құттықтады
Soner Demirtaş.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа күрес чемпионатында алтын медаль алған ұлттық палуандар Ясемн Адар және Сонер Демирташты құттықтады.

Президент Ердоған Еуропа күрес чемпионаты әйелдер 75 келі ақтық сайысында венгр қарсыласын жеңіп, чемпион болған Адарға телефон шалды.

Ердоған палуан Адарға табысының жалғасты болуын тіледі.

Президент Ердоған осы чемпионатта алтын медаль алған басқа бір палуан Сонер Демирташқа телеграмма жолдады.

Еуропа күрес чемпионатында ерлер еркін стильде 74 келіде Демирташ ақтық сайыста әзірбайжандық палуан Мурад Сүлеймановты алып жығып,  алтын медаль алған еді.



Ұқсас жаңалықтар