Түрік қызыл жарты айының жәрдемдері Иракқа ұласты

Ирак гуманитарлық жәрдем делегациясы төрағасы Сердар Йылмаз мәлімдеме жасады.

702235
Түрік қызыл жарты айының жәрдемдері Иракқа ұласты

Түрік қызыл жарты айы Ирак гуманитарлық жәрдем делегациясы төрағасы  Сердар Йылмаз Мосулдың оңтүстігіндегі Каййара ауданында құрылған Джедда босқын лагеріне зиярат жасап, сол жердегі 300 жанұяға азық-түлік, қыстық киім, көрпеше және түнемел қап таратылғанын мәлімдеді.

Йылмаз «Мосулды ДАИШ-тен азат ету операциясы кезінде баспаналарын тастап лагерлерді паналаған 300 жанұяға 1,5 тонна макарон, 300 адамға киім-кешек, 150 көрпеше, 150 түнемел қап тараттық» деді.

Иракта террор оқиғалары басталған 2014 жылынан бері Түрік қызыл жарты айының жәрдемге мұқтаж 170 мыңнан астам жанұяға жәрдем қолын созғанын атап көрсеткен Йылмаз «Түрік қызыл жарты айының Иракқа бағытталған басты гуманитарлық жәрдемдері арасында шатыр, көрпеше, азық-түлік және гигиена материалдары орын алады» деді.



Ұқсас жаңалықтар