UNICEF "Йемендегі балалардың жағдайы" тақырыпты рапорт жариялады
Йеменде соңғы бір жылда өлтірілген, жараланған немесе соғысуға итермелеген бала санының екі есе артқан.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Балаларға жәрдем қоры (UNICEF), Йеменде соңғы бір жылда өлтірілген, жараланған немесе соғысуға итермелеген бала санының екі есе артқанын жариялады.
UNICEF үш жыл бұрын елде басталған ішкі соғыстың балаларға ықпалы жайлы бір рапорт жариялады. Рапортта өлтірілген бала санының 900-ден мың 500-ге, жарақат алған балалар саны шамамен мың 300-ден 2 мың 450-ге, және соғысуға итермелеген балалар саны да 850-ден мың 580-ге ұласса мектептерге бағытталған шабуылдар мен бомбалаулар да 4 есе артып, 212-ге ұласты.
Шамамен мың 600 мектепке зиян келген елде 2 миллион бала мектепке бара алмайды.
Қақтығыстар себепті ашаршылықпен бетпе-бет қалған Йеменде шамамен жарты миллион бала жеткілікті деңгейде коректене алмайды.
Тұрғындарының 80 пайызы гуманитарлық жәрдемге мұқтаж елде қыз балаларының үштен екісі 18 жасқа толмай тұрғанда тұрмысқа шығады.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық құрама қарсы көгалда ойнайды
Матчты Польша футбол федерациясынан Дамиан Сильвестрзак басқарады.