ТРТ-нің жаңа теле сериалы - «Сұлтан Абдүлхамид Хан»

«Сұлтан Абдүлхамид Хан» атты жаңа тарихи теле сериал 24 ақпан жұма күні ТРТ1 арнасында басталады.

677976
ТРТ-нің жаңа теле сериалы - «Сұлтан Абдүлхамид Хан»
payitaht.jpg
payitaht, abdulhamit han.jpg

«Сұлтан Абдүлхамид Хан» атты теле сериалда Османлы мемлекетінің соңғы кезеңіндегі күресімен тарихқа қолтаңба қалдырған, 1876 жылы таққа отырып, 33 жыл падиша болған, сондай-ақ «Ұлы қаған» деп аталған Сұлтан Абдүлхамид Ханның өмірі баяндалады.

Коджаели қаласындағы «Seka Film» студияларында түсірілген теле сериалдың режиссері - Сердар Акар. Сұлтан Абүлхамид Хан ролінде болса Бүлент Инал ойнайды.

Тарихтың ең көп қызығушылық оятатын кезеңі «Сұлтан Абдүлхамид Хан» теле сериалында.

Сұлтан Абдүлхамид Хан Османлы мемлекетінің ең маңызды кезеңінде таққа отырды. Әлемнің отаршыл елдері Османлы мемлекеті жерін бөліп алуды мақсат еткен бір кезеңде таққа отырған Сұлтан Абдүлхамид Хан 33 жыл бойынша мемлекетін бар күші және ақылымен басқарды. Осы сериалға да Сұлтанның соңғы 13 жылдық патшалық кезеңіндегі тарихи оқиғалар арқау болады.

Теле сериалдың алғашқы тақырыбы «Күрес»!

1896 жылы Сұлтан Абдүлхамидтің патшалығының 20 жылдығынан бастап сол кезеңге қолтаңба қалдырған маңызды оқиғалар ТРТ-нің «Сұлтан Абдүлхамид Хан»атты жаңа теле сериалында орын алады. Теле сериалдың кейінгі бөлімдерінде Османлы мемлекеті жеңіске жеткен «Грек соғысына» да орын беріледі.

Сионисттердің 1-ші конгресімен Сұлтаннан талап етілген Палестина жері, падишаның осы топырақты соңына дейін бермеуіжәне дұшпанның келіссөз үстелінен қамығып тұрып кетуі де теле сериалдың тақырыптары арасында.

Сұлтан жүзеге асырған жобалар арасында Хиджаз теміржолы магистралы да «Сұлтан Абдүлхамид Хан» теле сериалының маңызды тарихи оқиғасы ретінде көрсетіледі.

Теле сериалдың басты рольдерінде Бүлент Инал, Өзлем Джонкер, Селен Өзтүрік, Акын Акынөзү, Эзги Эйүпоғлу, Хакан Бояу, Сайгын Сойсал және Умут Курт секілді танымал түрік актерлері ойнайды. Қосымша ойыншы кадрларын қосқанда теле сериалда жалпы 400-500 адам роль алады.



Ұқсас жаңалықтар