Дебби Рейнольдс қызынан бір күн кейін 84 жаста дүниеден озды

Өзі де қызы сияқты актриса болған Дебби Рейнольдс қызынан бір күн кейін 84 жаста дүниеден озды.

640355
Дебби Рейнольдс қызынан бір күн кейін 84 жаста дүниеден озды

Кеше ұшақта ұстамалы жүрек ауруынан дүниеге көз жұмған Star Wars (Жұлдызды соғыстар) сериалының атақты актрисасы Кэрри Фишер шешесі қызының қайғысына шыдай алмады.

Өзі де қызы сияқты актриса болған Дебби Рейнольдс қызынан бір күн кейін 84 жаста дүниеден озды.

1950 мен 1960 жылдары Голливудтың музыкалық және комедиялық фильмдерімен даңқы шыққан Рейнольдс 60 жастағы қызының өлімінен шамамен 24 сағат соң  Лос-Анджелесте дүниеден озды.

Баласы Тудд Фишер шешесі өлместен бұрын «Оны қатты сағынамын. Кэрридің қасында болғым келеді» дегенін жеткізді.

Негізгі аты Мэри Фрэнсис Рейнольдс болған актриса сахнада Дебби Рейнольдс атымен танымал еді.

Кейбір сыншылар АҚШ-тың белгілі актрисасының қазірге дейінгі ең мықты музыкалық фильм ретінде 1952 жылда түсірілген «Singin' in the Rain»арқылы даңқы шықты.



Ұқсас жаңалықтар