Түрік студенттердің роботы жеңімпаз атанды

Клуб 28-ші Халықаралық Сумо робот жарысында бірінші орын алды.

637963
Түрік студенттердің роботы жеңімпаз атанды
sumo robot yarışında türkiye yine birinci.jpg

Карабүк Университеті Робот клубы әлем жеңімпазы атанды.

Клуб 28-ші Халықаралық Сумо робот жарысында бірінші орын алды.

Өткен жылы Токиода өткен жарыста «Сакин» атты роботпен бірінші орын алған Карабүк Университеті биыл да бірінші орынды ешкімге бермеді.

Университет жарысқа 4 роботпен қатысып,  екі орын иеленді.

Түрік студенттердің роботтары ақтық сайыста бір-бірімен жарысты. Роботтар түрік университетіне әрі бірінші, әрі екінші орын алып берді.

Түрік командасына «Йоркузуна», яғни бас палуандық атағы берілді.



Ұқсас жаңалықтар