Ялчын Топчуға Әзірбайжанда сыйлық берілді

Президенттің бас ақылшысына сыйлық берілді.

637820
Ялчын Топчуға Әзірбайжанда сыйлық берілді

Президенттің бас ақылшысы Ялчын Топчуға Әзірбайжанда сыйлық берілді.

Грузия түріктері құрған үкіметтік емес ұйым Борчалы қоғамы қызметтеріне орай Ялчын Топчуға «Түріктікке қызмет сыйлығын» берді.

Әзірбайжанның бас қаласы Бакуде болған рәсімде түркі әлемінің түрлі аймақтарынан және Грузиядағы ғылым, өнер және саясат қайраткерлеріне сыйлықтары табыс етілді.

Ялчын Топчу осында сөйлеген сөзінде терроризмге назар аударды,  бірлікке шақырды.

«Терроризм жанданып барады.  Әлемді басқарып отырған елдердің басшыларына үн қатамын.  Қолыңыздағы қолшоқпарлар сізді де өртейді.  Бұны бірігіп жоюымыз керек.  Әлем бейбітшілігі үшін бір болып, бірлік болуы керек» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар