Түрік футболы террорға қарсы бірлесті

Супер лиганың жұлдыз ойыншылары шейіт пен ардагерлер үшін ойнады.

636204
Түрік футболы террорға қарсы бірлесті

Супер лиганың жұлдыз ойыншылары шейіт пен ардагерлер үшін ойнады.

Президенттік аппараттың қолдауымен өткен матч Стамбулда Водафон Аренада болды.

Матчтан бұрын шейіттер үшін Құран оқылды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулдағы «Шейіттерге құрмет матчынан» бұрын бірлік үндеуін тастады.

Президент 10 желтоқсан күні Стамбул Водафон Арена стадионы қасында болған лаңкестік, Кайсери қаласындағы лаңкестік,  Андрей Карловқа жасалған қастандық және Евфрат қалқанына байланысты мәлімдеме жасады.

Түркияның терроризммен күресте қиын кезден өтіп жатқанын айтқан президент террорлық ұйымдардың көздерін қан мен кек басқанын білдірді.

«Полициямыз, әскеріміз,  ауыл қорғаушыларымыз бен осы ұлт терроризмді бірліктің арқасында бітіреді.  Біз бір болуымыз керек,  ірі болуымыз керек,  Түркия болуымыз керек» деді ол.

Артынан президент Ердоған көгалға шықты.  Ердоған футболшылар,  полиция және шейіт балаларымен сөйлесті.

Түрік және шетелдік ойыншылар арасындағы футбол матчын Жүнейт Чакыр басқарды.

Салынған әрбір голдан кейін футболшылардың барлығы және төреші Чакыр да көрермендерге әскери сәлем берді.

Осы мағыналы матчтан түрік футболшылар 4-3 есебімен жеңіп шықты.

Осы матчтан түскен табыс шейіт отбасылары мен ардагерлерге табысталады.

 



Ұқсас жаңалықтар