Клуни Сирия жөнінде фильм түсіреді

Джордж  Клу́ни Сирия соғысында бейбіт халыққа көмектескен «Ақ Дулығалар» жөнінде фильм түсіруге дайындалуда.

635290
Клуни Сирия жөнінде фильм түсіреді

Американдық актер және режиссер Джордж  Клу́ни Сирия соғысында шектеулі мүмкіндіктеріне қарамастан бейбіт халыққа көмектескен «Ақ Дулығалар» жөнінде фильм түсіруге дайындалуда.

The Guardian газетінің хабарына қарағанда, Джордж Клуни бүкіл әлемнің назарын аударған 3 мың еріктіден тұратын «Ақ Дулығалар» азаматтық қорғаныс ұйымына байланысты фильм түсіретінін хабарлады.

Сирияда соғыс жүріп жатқан аймақтарда «Ақ Дулыға» ұйымының еріктілері мүмкіндіктерінің шектеулі болуына қарамастан бейбіт халыққа көмектесуде.

Әртүрлі мамандықтан келген осы қарусыз еріктілер қалдық астынан адам өмірін құтқаруға тырысуда.

2013 жылдан бері қызмет атқаратын топ соңғы кезде видеолар түсіріп,  әлем қоғамының назарын осы аймаққа тарту үшін жұмыстануда.



Ұқсас жаңалықтар