Боснияда Түрік фильм фестивалі

Фестиваль «Анамның жарасы» атты фильммен басталды.

626452
Боснияда Түрік фильм фестивалі

Босния және Герцоговинаның бас қаласы Сараевода өткен 8-ші Түрік фильм фестивалі Озан Ачыктанның «Анамның жарасы» атты фильмімен басталды.

Фильмнің қойылымына Түркияның Сараеводағы өкілетті елшісі Халдун Коч, Мәдениет және таныстыру кеңесшісі Сонер Шахин, фильмнің режиссері Озан Ачыктан,  актерлер Бора Аккаш, Озан Гүвен және актриса Мериям Узерли де қатысты.

Шахин фестивальге азаматтардың ықыласының жыл сайын артып отырғанын айтып,  кино сүйер қауымға алғыс білдірді.

Сербия, Босния, Хорватия және Түркияда түсірілген «Анамның жарасы» атты фильмде балалар үйінде өскен Салихтің жанұясын іздеуі баяндалады.

Фестиваль 12 желтоқсан күніне дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар