TÜYAP Стамбул кітап көрмесінде рекорд

Биыл көрмеге 621 мың адам келді.

614780
TÜYAP Стамбул кітап көрмесінде рекорд

35-ші TÜYAP Стамбул кітап көрмесінде рекорд.

Кітап көрмесіне рекорд деңгейде келуші болды. Биыл көрмеге 621 мың адам келді.

Көрмеге келген қонақ саны өткен жылмен салыстырғанда 11,3 пайыз артты.

Биыл көрменің келушілерінің көбі жастардан тұрды. Көрме аясында көптеген жазушы оқырмандарымен бас қосты.

12 қараша күні қақпасын ашқан көрмеге 800 баспахана мен үкіметтік емес ұйым қатысты. Сұхбат, панель,  өлең оқу және балаларға арналған шаралар сынды 300 шара ұйымдастырылды.



Ұқсас жаңалықтар