Албанияда төңкеріс әрекеті жайлы фотосурет көрмесі ашылды

Албанияда «Демократия жеңісі – Халық тойтарған төңкеріс әрекеті» фотосурет көрмесі ашылды.

601260
Албанияда төңкеріс әрекеті жайлы фотосурет көрмесі ашылды
aa'nın 15 temmuz fotoğrafları tiran'da sergilendi.jpg

Түркияның Тиран өкілетті елшілігі 29 қазан Республика күні мерекесіне арнап қонақасы берді.

Фетуллахшы террор ұйымы параллельді мемлекеттік құрылымының (FETÖ/PDY) 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті кезінде Анадолы агенттігі фототілшілері түсірген суреттер орын алған «Демократия жеңісі – Халық тойтарған төңкеріс әрекеті» атты көрме ашылды.

Тирана өкілетті елшілігі, Тиран Юнус Эмре институты және Анадолы агенттігі тарапынан Тиранадағы бір қонақүйде ашылған және «төңкеріс әрекеті» тақырыпты 50 фотосурет орын алған көрмеге саясат қайраткерлері, медиа өкілдері және діні қызметкерлерге қоса жергілікті көптеген азамат қатысты.

Түркияның Тирана өкілетті елшісі Хидайет Байрактар осында айтқан сөзінде фотосуреттердің демократияны қорғау үшін түрік халқы ортаға қойған күрестің дәлелі екенін атап көрсетті.

Өкілетті елші «Бұл фотосуреттер түрік халқының тарихи бір ынтымақтастықпен алаңдарға шыққанын, батылдықпен танктардың алдына тұрғанын және демократиялық хақтарын қорғанын көрсетеді» деді.

Республика күні мерекесіне орай берілген қонақасына Албания Мәжілісі төрағасы Илир Мета, Қорғаныс министрі Мими Кодхели, депутаттар, дипломаттар және басқа да қонақтар қатысты.

Өкілетті елші Байрактар қонақасыда президент Режеп Тайып Ердоғанның 29 қазан Республика күні мерекесіне орай жолдаған құттықтауын оқыды.

Анадолы агенттігінің 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетіне қатысты фотосуреттерден тұратын көрме Албанияның бас қаласы Тирананың артынан Ишкодра, Дырач және Елбасан қалаларында да ашылмақ.



Ұқсас жаңалықтар