Сахаров сыйлығының лауреаттары белгілі болды

Сахаров сыйлығы биыл езид әйелдерге берілді.

598292
Сахаров сыйлығының лауреаттары белгілі болды

Еуропа парламентінің жыл сайын берілетін Сахаров атындағы ой еркіндігі сыйлығы Иракта ДАИШ террорынан қашқан езидтер Надиа Мурат Басее мен Ламия Ажи Башарға берілді.

Иракта Синжарға қарасты Кочо ауылында тұратын езид әйелдер аймақты басып алған ДАИШ террор ұйымы тарапынан 2014 жылы алып қашырылып,  жыныстық қиянатқа ұшыраған мыңдаған әйелдің тек екеуі ғана.

Ұйымның қолынан қашып құтылған белсенділер езид қырғынын таныту үшін күресуде.

Сахаров атындағы ой еркіндігі сыйлығы өткен жылы Сауд Арабиялық блогер Раиф Бедавиге берілген болатын.

Еуропа парламентінің Сахаров атындағы сыйлығы Нобель сыйлығының лауреаты адам құқықтарын қорғаушы Андрей Сахаров атынан адам құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға тырысқан тұлғаларға беріледі.



Ұқсас жаңалықтар