"Алтын апельсин" сыйлықтары табыс етілді

53-ші Халықаралық Анталия Фильм фестивалі аяқталды.

595687
"Алтын апельсин" сыйлықтары табыс етілді

53-ші Халықаралық Анталия Фильм фестивалінде Ұлттық байқау аталымында «Үздік фильм» сыйлығы TRT-нің «Көк велосипед» атты фильміне берілді.

Анталиядағы фестиваль «Алтын апельсин» сыйлығының марапат кешімен аяқталды.

EXPO 2016 Анталия көрме алаңындағы конгресс орталығындағы марапат кешінде «Көк велосипед» үздік фильм сыйлығымен бірге Үздік Сценарий және Үздік режиссер сыйлықтарын да алды.

Сыйлықтарды фильмнің режиссері Умит Көрекен алды. Көрекен фильмде көмекті аямаған TRT-ге алғыс білдірді.

Ұлттық байқауда көрермендер сыйлығы мен Үздік музыка сыйлығы «Әкемнің қанаттары» атты фильмге берілді.

Үздік актер сыйлығын осы фильмде ойнаған Мендерес Саманджылар алды.

Халықаралық байқау фильмдері аталымында Үздік фильм және Үздік режиссер сыйлықтары «Тереддут» атты фильмге берілді.

Осы фильмде ойнаған Эджем Узун әрі халықаралық,  әрі ұлттық аталымда Үздік актриса сыйлығына лайықты деп табылды.



Ұқсас жаңалықтар