2016 Нобель бейбітшілік сыйлығы Колумбия президентіне табыс етіледі

2016 Нобель бейбітшілік сыйлығы Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантосқа табыс етіледі.

584885
2016 Нобель бейбітшілік сыйлығы Колумбия президентіне табыс етіледі

Норвегия Нобель комитеті бейбітшілік сыйлығын елінде 52 жылға созылған және кем дегенде 220 мың адам қаза тапқан ішкі соғысты аяқтаудағы қызметі үшін берілмек.

Азаматтық соғыс бойынша 6 миллион адам үйін тастап кетті.

Комитет жасаған мәлімдемеде сыйлықтың сондай-ақ бастан кешкен үлкен қиыншылықтар мен терістіктерге қарсы бейбітшіліктен үміт үзбеген Колумбия халқына, азаматтық соғыстың сан алуан құрбандарының туыстарына және бейбітшілік кезеңіне үлес қосқан барлық тараптарға бір сыйлық ретінде қабылдау керектігі атап көрсетілді.

Президент Сантостың Колумбия үкіметі мен Колумбия төңкерісшіл қарулы күштері (ФАРК) арасында бейбіт келісіммен нәтижелеген келіссөздерді бастағаны және бейбітшілік кезеңінде табандылық көрсеткені атап көрсетілген мәлімдемеде «Норвегия Нобель комитеті президент Сантостың бүкіл тараптарды бейбітшілік кезеңін қамтамасыз ету үшін ауқымды бір ұлттық келіссөз шақыруы тастағанына назар аурады. Бейбітшілік келіссөздеріне теріс қарағандардың өзі мұндай бір келісімге оң қарайды. Бүкіл тараптардың бейбітшілік келіссөздері аясында өз жауапкершілігін орындайтыны және кезеңге болымды үлес қосатынына сенім артамыз» делінді.

Комитет 65 жасар Сантостың бейбітшілік үшін жұмсаған талпыныстарын Альфред Нобельдің соңғы тілегін орындағанын атап көрсетті.

Нобель бейбітшілік сыйлығына лайық табылған Сантосқа 8 миллион Швеция кроны (шамамен 930.000 АҚШ доллары) көлемінде сыйлық табыс етіледі.



Ұқсас жаңалықтар