Украин азаматтарының визасыз саяхат мерзімі ұзартылды
Түркияға келген Украина азаматтары 90 күн визасыз саяхат жасай алады.
Украина азаматтарының Түркияға жасайтын саяхаттарында 60 күн болған визасыз саяхат мерзімі 90 күнге ұзартылды.
Украиндер Түркияға жасайтын саяхаттарындағы визасыз жүру мерзімімен байланысты Министрлер Кеңесінің шешімі Ресми газетте жарияланды.
Сыртқы істер министрлігінің 27 мамыр күнгі жазуының артынан Шетелдіктер және халықаралық сақтандыру заңының 18-ші бабына сәйкес жалпыға бірдей паспорт иесі Украина азаматтарының Түркияға жасайтын саяхаттарында 180 күннің ішінде 90 күннен аспау шартымен 60 күндік визасыз саяхат мерзімі 90 күнге ұзартылды.
Ұқсас жаңалықтар
«Marella Discovery» атты круиздік кеме Аланияға келді
Алания портына аялдаған кемеде көпшілігі британдық 1 758 жолаушы мен 743 қызметкер бар.
АҚШ-та «Түрік күні фестивалі» өтті
Түрік Америка ұлттық басқару комитеті ұйымдастырған 3 күндік бағдарламалар өте сәтті өтті.