Газаға 10 мың тонна жәрдем материалы жұма күні жолға шығады

Жәрдем материалдары «Лейла ханым» жүк кемесімен жіберіледі.

520580
Газаға 10 мың тонна жәрдем материалы жұма күні жолға шығады

Түркия мен Израиль арасында жасалған келісімнің артынан Газаға тұңғыш жәрдем 1 шілде күні Мерсин портынан жолға шығады.

10 мың тонналық гуманитарлық жәрдем «Лейла ханым» жүк кемесімен жіберіледі.

Жәрдем материалдарын Апат және төтенше жағдайлар басқармасы «АФАД», Жер өнімдері кеңсесі және Қызылай мекемесі дайындады.

Кемеге 10 мың азық-түлік пакеті, 5 мың тонна ұн, 2 мың тонна күріш және 3 мың тонна Кәмпит жүктеледі. Жүз мың айт үшін киім мен 10 мың ойыншықта Рамазан айтта газалық балаларды қуантады.

Жәрдем материалдары Израильдің Ашдод порты арқылы Газаға жеткізіледі.

Қызылай төрағасы Керем Кынык «Жәрдем топтарымыз Ашдод портына ұласты. Жәрдем материалдары жалпы 450 жүк көлігіне жүктеледі. Бұл материалдар трассамен Газаға апарылады. 1,8 миллион адам өмір сүрген Газаның салмақты түрде 80 пайызы босқындар. Эмбарго себепті қиыншылық шеккен адамдарға сол жердегі Палестина Қызылайы ынтымақтастығымен анықталған мұқтаж жанұяларға таратылады» деді.

АФАД-тың азаматтық қоғам мекемелеріне жасаған шақырудың артынан Теңіз Фонары қоғамы Газа үшін 1 жүк көлігімен азық-түлік материалдары дайындады.



Ұқсас жаңалықтар