Мұсылман әлемінің қасиетті айы басталды

11 айдың сұлтаны Рамазан алғашқы тәрауық намазымен басталды.

504693
Мұсылман әлемінің қасиетті айы басталды
mehmet görmez.jpg

Рамазанға қауышудың қуанышымен мүміндер алғашқы тәрауық намазын оқу үшін мешіттерді толтырып, бірлік пен ынтымақтастық үшін дұға етті.

Стамбұлдағы Ейюп Сұлтан мешіті стамбулдықтар бас қосқан жерлердің басында  келеді.

Дін істері басқармасы төрағасы Мехмет Гөрмез Аясофияда «ТРТ Диянет» арнасындағы Береке уақыты сәресі бағдарламасына қонақ болды.

Гөрмез Аясофияда жүзеге асқан тікелей эфирдің артынан Рамазан айымен байланысты мәлімдемесінде әрбір мұсылманның Рамазанын құттықтап, «Рамазанның шынымен де қасиетті бір қонақ ретінде әрқайсымыздың үйінде қонуы және бізді өзгертіп Раббымызбен арамыздағы қарым-қатынасты жақсартып айырылуын ұлы Алладан тілеймін» деді.

Аясофияда алғашқы сәресіні өткізудің өзін тебіренткенін атап айтқан Гөрмез «Бұл жер қаншама ғалымдарды, қаншама әдебиетшілерді, қаншама білімді адамды тәрбиелеген бір мекен-жай» деді.

Анкарада болса азаматтар Рамазанның алғашқы тәрауық намазын оқу үшін Қажы Байрам Уәли және Кожатепе мешіттеріне барды.

Ислам әлемі де Рамазан айын үлкен қуанышпен қарсы алды.

Балкан елдерінде өмір сүрген мұсылмандар алғашқы тәрауық намазын оқу үшін мешіттерді толтырды.

Босния-Герцеговинаның астанасы Сараевода «3-ші Сараево Рамазан Фестивалі» басталды. Жыл сайын ұйымдастырылған фестиваль аясында Ислам мәдениеті және рамазан салтын таныту мақсат етіледі.



Ұқсас жаңалықтар