Месси Рианнамен Анталияда футбол ойнайды

Анталияспорт клубына Роналдиньо да келуі мүмкін.

496815
Месси Рианнамен Анталияда футбол ойнайды

Анталияспорт атқару комитеті төрағасы Гүлтекин Генджер бүгін баспасөз мәслихатын өткізіп, 2015-2016 футбол маусымына баға берді.

Генджер сонымен бірге Самюэ́ль Это’о́ Фис қорының 10 жылдық мерейтойы туралы да мәлімет берді.  Генджер 16 шілде күні Анталия Аренада болатын ірі организация аясында әлем құрамасы мен Түркия құрамасының кездесетінін тілге тиек етті. 16 шілде күнгі шарада әлем жұлдыздарын Анталияда қонақ қылатындарын білдірген Генджер «Осындай организацияның Анталияда болуы мақтаныш. 16 шілде тамаша күн болады.  Месси Рианнамен бірге Анталия Аренада футбол ойнайды» деді.

Это’о́ қорының 10 жылдық мерейтойы үшін әлем құрамасына Месси, Неймар, Суарес, Марадона, Азар, Иньеста, Демба Ба, Дрогба және Арда Туран сынды футболшылар шақырылған еді.

Генджер Роналдиньоның трансфері үшін де келіссөз жүріп жатқанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар