Түрік-Американ Мәдениет және өркениет орталығы ашылды

АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Түрік-Американ Мәдениет және өркениет орталығы президент Ердоған тарапынан ашылды.

463567
Түрік-Американ Мәдениет және өркениет орталығы ашылды

АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Түрік-Американ Мәдениет және өркениет орталығы (Америка Дін істері Орталығы) президент Режеп Тайып Ердоған тарапынан ресми түрде ашылды.

Ердоған ашылу рәсімінде орталықтың бүкіл мұсылмандарға құт әкелуін тіледі.

Әлемде және АҚШ-та өкінішке орай мұсылмандарға қарсы мейірімсіздік пен дұшпандық артқан бір кезең пайда болғанын атап айтқан Ердоған ашылған комплекстің Исламға бағытталған жағымсыз көзқарастарға қарсы басылған бір қадам екенін және аса маңызды болғанын айтты.

Президент «Терроризмнің діні, нәсілі, тегі жоқ. Террорист адамзатқа қарсы жасаған қылмыстар себепті бұл атауға ие болған адам. 11 қыркүйек күні шағын бір террористік топтың АҚШ-ты қайғыртып, берген қорқуын бүкіл мұсылмандарға жабу дұрыс емес» деді.

Батыстың мұсылмандарға қарсы бір жақты ұстанымында сынға алған Ердоған Бельгиядағы жарылыстарды еске салып, «Брюссель оқиғасының күдіктісі өздеріне хабарлағанымыз бір террорист болатын. Бельгия әкімшілігіне мұны білдірдік. Бельгия әкімшілігі 'Аталмыш күдіктінің папкасында қорқынышты жағдай жоқ' десе де бомбалар жарылды. Осында кім шынайы? Біз дұрыс қозғалдық, біз ынтымақтастыққа, бөлісуге дайынбыз» деді.

Президент АҚШ-тағы президенттік жарыста Исламға қарсы үміткерлерді де атын атамай сынға алды және олардың бұл көзқарастарды қолдауына таң қалғанын білдірді.

Ердоғанның сөзінің артынан Түрік-Американ Мәдениет және өркениет орталығы ашылды.

Ашылу рәсіміне әртүрлі дін мен ұлттан өкілдерге қоса, халық қатысты.

Түріктер сияқты көптеген шетелдіктің де назарын аударған орталықтағы мешіт 16-шы ғасырдың Османлы сәулет өнеріне сәйкес салынды.

Америкадағы екі мұнаралы ғибадатханада ауласына қоса 3 мың адам ғибадатын орындай алатын болады.

Шамамен 16 гектарлық бір алаңға құрылған орталықтағы мешіттің астынғы қабатындағы мәдениет орталығында кітапхана, конференция залы мен көрме залы, жиналыс залы мен қонақасы алаңы бар.

Мәдениет орталығы құрамында ашылған Ислам зерттеулері орталығында болса Түркиядан АҚШ-қа бакалавр және магистрлік оқу үшін баратын студенттерге кеңес беріледі.



Ұқсас жаңалықтар