Грек-рим күресінде түрік палуан 5-ші рет Еуропа чемпионы аталды

Еуропа күрес чемпионатында 130 келіде Рыза Каяалп алтын медаль алды.

449603
Грек-рим күресінде түрік палуан 5-ші рет Еуропа чемпионы аталды

Латвияның бас қаласы Ригада жалғасқан чемпионатта финал матчында украиналық Александр Чернецкиймен сайысқа шыққан ұлттық палуан қарсыласын жеңіп, алтын медальге қол жеткізді.

Украиналық қарсыласы болса күміс медальды иеледі.

Рыза Каяалп ересектер категориясында 6-шы, бірінен соң бірі 5-ші рет Еуропа чемпионы аталды.

Аталмыш категорияда қола медальдер болса белоруссиялық Йозеб Чугошвили мен швециялық Йохан Магнус Эуренге табыс етілді.



Ұқсас жаңалықтар