Әлеуметтік медиада «Әйел тіршілігіміз» акциясы басталды

Жанұя және әлеуметтік саясаттар министрлігі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйел тіршілігіміз» деген акция бастады.

446683
Әлеуметтік медиада «Әйел тіршілігіміз» акциясы басталды

Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрлігі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай әлеуметтік медиада «Әйел тіршілігіміз» деген акция бастады.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлуның жұбайы Саре Давутоғлу мен Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрі Сема Рамазаноғлунан бастап, көптеген танымал тұлға акция аясында өздері түсірген бейне таспаларды әлеуметтік желіде бөлісті.

Акцияға қолдау берушілер әйелдердің тіршілік үшін маңызын бейне таспаларында бір сөйлеммен түсіндірді.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлуның жұбайы Саре Давутоғлу жариялаған бейне таспада «Әйел – тіршіліктің өзі. Өйткені әйел, еркек барлық тіршіліктің қайнар көзі» десе, Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрі Сема Рамазаноғлу «Әйел – тіршіліктің өзі. Өйткені әйел ана деген сөз, үлкен бір қазына» деді.

Түсірген бейне таспаларымен акцияға қолдау берген танымал тұлғалар арасында Аджун Ылыджалы «Әйел – еңбек деген сөз. Халықаралық әйелдер күніңізбен құттықтаймын», әнші Эмре Айдын «Әйел – тіршіліктің көзі. Өйткені әйел қоғамның ұжданы», әнші Мұстафа Джежели «Әйел – тіршіліктің өзі. Өйткені әйел барлық болмысты жүрегінде асырап, өсіреді. Әйел – тіршіліктің өзі. Өйткені ол - мемлекеттің өзегі», әнші Мұстафа Сандал болса «Әйел – тіршіліктің өзі. Өйткені әйелдер басымыздың тәжі аналарымыз» деді.

Галатасарайдың белгілі футболистті Эмре Чолак та «Әйел – тіршіліктің өзі. Өйткені ол - ана» деген бейне таспа бөлісті.


Ұқсас жаңалықтар