Түрік жазушыға әдебиет сыйлығы

Түрік жазушы Феридун Заимоғлуна неміс әдебиетіне қосқан үлесі үшін Берлин Әдебиет сыйлығы берілді.

435092
Түрік жазушыға әдебиет сыйлығы

Түрік жазушы Феридун Заимоғлуна неміс әдебиетіне қосқан үлесі үшін Берлин Әдебиет сыйлығы берілді.

Заимоғлу «Preussische Seehandlung» Қоры тарапынан берілген сыйлықты Берлин уәлаятының премьер-министрі Майкл Мюллердің қолынан алды.

Түрік жазушы сыйлыққа лайықты деп табылғанына риза болғанын атап көрсетті.

Мюллер де Заимоғлуның алдына шыққан барлық қиыншылықтарды жеңіп шыққан жазушы екенін айтты.

Босқындар мен келімсектердің тәжірибелерін жан-жақты жеткізе білген түрік жазушының көптеген романы, драматургиялық туындылары мен мақалалары бар.

Заимоғлу 30 мың евролық ақшалай сыйлықпен қоса бір кезең бойынша Берлин Еркіндік Университетінде қонақ профессор ретінде қызмет атқарады, студенттерге әдебиетке байланысты шеберлік сабақтарын өткізеді.

1964 жылы Түркияның Болу қаласында өмірге келген түрік жазушы бір жылдан кейін отбасымен бірге Германияға көшкен. Ол қазір Германия замандас әдебиетінің маңызды тұлғалары арасында.



Ұқсас жаңалықтар