«TRT Akademi» журналының тұңғыш саны жарыққа шықты

Түрік тілімен қоса ағылшын тілінде де мақала жарияланатын журналды интернет арқылы да оқуға болады.

430803
«TRT Akademi» журналының тұңғыш саны жарыққа шықты

Түркияда телерадио хабарларын тарату саласының көш басшысы ТРТ көріністі және дауысты трансляциямен қоса басылым саласында да көптеген табысқа қол жеткізді. Бұл салада соңғы рет Түркияның академиялық тәжірибесіне, өнімділігіне өз құрамында жаңа бастама көтеріп, халықаралық нысанасы бар импакт-факторлы журнал шығарды.

TRT осы журнал арқылы телерадио секторының проблемаларын жарыққа шығарып, осы салада стратегиялар жетілдіріп, медиа саласының шешім берушілеріне нақты ұсыныстар ұсынуды мақсат етеді. Түрік тілімен қоса ағылшын тілінде де мақала жарияланатын журналды интернет арқылы да оқуға болады.

TRT Білім департаменті тарапынан дайындалатын журналдың редакторы – Проф. Билал Арык. «Академия» журналының 2016 жылғы қаңтар айында жарияланған бірінші санында «Ойын-сауық индустриясы» тақырыбы қолға алынды. Бірінші санда ғылыми мақалалармен қоса академия және медиа саласының маңызды тұлғаларымен сұхбаттар, кітап таныстырулары мен анализдер орын алды.

Аталмыш журналдың шілде айында шығатын екінші санында тақырып «Сандық медиа» болады. Осы негізгі тақырыпта «Сандық медиа және құқық», «Әлеуметтік желілер және интернет төңкерістері», «Сандық мәдениет және виртуалды куәлік», «Сандық маркетинг», «Интерактив хабар тарату», «Сандық медиа және жеке еркіндіктер», «Сандық жарнама саласы», «Сандық дипломатия» сынды тақырыптарда мақалалар жарияланады.

«TRT Akademi» журналының екінші санында жариялану мақсатымен мақала жолдауға болады. Мақалалар 15 наурыз күніне дейін қабылданады.



Ұқсас жаңалықтар