«Кусимото» ұшағы Токиода

«Ертугрул 1890» фильмі үшін арнайы жобаланған «Кусимото» ұшағымен фильмнің әлемдік премьерасы үшін Токиоға қонақтар барып жетті.

395616
«Кусимото» ұшағы Токиода

Түрік әуе жолдарының «Кусимото» ұшағы Токиода.
Түрік-жапон достығын нығайтқан тұңғыш шын оқиға баяндалған «Ертугрул 1890» фильмі үшін арнайы жобаланған «Кусимото» ұшағымен фильмнің әлемдік премьерасы үшін Токиоға қонақтар барып жетті.
Ұшақ есімін Ертугрул фрегаты апатқа ұшыраған Кусимотодан алды.
Фильмнің әлемдік премьерасы үшін Түркиядан шақырылғандармен қоса 158 жолаушы болған ұшақта үш капитан мен 12 қызметкер 1985 жылы Тегераннан жапондарды құтқарған Түрік әуе жолдары командасының сол кезде киген киімдерімен жолаушыларға қызмет етті.
Аталмыш фильм 1890 жылы 600-ден астам экипажымен дауылда батқан Османлы фрегатының хикаясын және 1985 жылы 215 жапон азаматының сол кездегі премьер-министр Тургут Өзалдың нұсқауымен Түрік әуе жолдары тарапынан Иран-Ирак соғысынан құтқарылуының хикаясын баяндайды.
«Ертугрул 1890» фильмі екі ел арасындағы достықтың 125 жылдығына орай 5 желтоқсан күні Жапонияда, 25 желтоқсан күні Түркияда көрсетілімге енеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар