43-ші Халықаралық Эмми жүлделері табыс етілді

Халықаралық Эмми жүлделері рәсімі Нью-Йоркте өткізілді.

421412
43-ші Халықаралық Эмми жүлделері табыс етілді

Үздік еркек ойыншы саласында Халықаралық Эмми сыйлығы Рамсей сериалындағы ролімен голландиялық актер Маартен Хейжмансқа табыс етілді.
Хейжманспен бірдей категорияда «Кара Пара Ашк» (Кір ақша - махаббат) атты сериалдағы ролімен түрік ойыншысы Энгин Акйүректе жарысатын. Рәсім алдында қызыл кілемде жүрген Акйүректі түрік және шетелдік жанкүйерлері жылы қарсы алды.
Акйүрек журналисттерге берген мәлімдемесінде бір түрік ойыншы ретінде Халықаралық Эмми жүлделеріне үміткер болудың өзін қуантқанын атап айтты.
Рәсімде ең көп назар аударған тұлғалардың бірі АҚШ-тық ойыншы Майкл Дуглас болды.
Дуглас АҚШ-тың алдынғы қатарлы медиа органдарының бірі HBO-дың директоры Ричард Плеплерге Халықаралық Эмми басшылығы жүлдесін тапсырды.
Салтанатты кеште әртүрлі категорияда жүлде алған шығармалар мен ойыншылар:
Үздік еркек ойыншы : Маартен Хейжманс (Maarten Heijmans-Голландия)
Үздік әйел ойыншы : Аннеке вон дер-Липпе (Anneke von der Lippe-Норвегия)
Драма сериал : Engrenages (Франция)
Комедия : Doce de Mae (Бразилия)
Деректі фильм : Miners Shot Down (Оңтүстік Африка Республикасы)
ТВ сериалы/шағын
Фильм : Soldat Blanc (Франция)


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар