Тегеранда түрік дирижер

Түрік дирижер Ерол Ердинч осы жобаның екі ел арасында мәдени көпір боларына сенімді.

419752
Тегеранда түрік дирижер

Тегеран Симфония оркестрін қайтадан құру үшін міндет берілген Иранның атақты дирижері Александр Рахбари орнын түрік дирижер Ерол Ердинчке тапсырды.
Оркестрмен бірінші концертін 4 қараша күні берген Ердинч Моцарттың туындысын орындады.
Өнерпаз оркестрмен биыл Тегеранда 30-31 желтоқсан күндері, 4-5 мамыр мен 17-18 тамыз күндері тағы үш концерт ұйымдастырады.
Америка Құрама Штаттары және Қытай секілді елдерге өнер сапарына шығады.
Шамамен 90 музыка аспабы орындаушысы және 132 әншіден тұратын Тегеран Симфония оркестрін басқарған түрік дирижер «Музыканы түсінетін, таңдаулы тыңдарманы бар. Мен Ленинград Филармония және Ресей мемлекеттік симфония оркестрлерімен жұмыс істедім. Мұншама тәртіпті оркестр көрген емеспін» деді.
Түрік дирижер Ерол Ердинч осы жобаның екі ел арасында мәдени көпір боларына сенімді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар