Түркия соңғы матчын бүгін Исландиямен ойнайды

2016 Еуропа чемпионаты іріктеулері А тобындағы соңғы матчтар бүгін ойналады.

353566
Түркия соңғы матчын бүгін Исландиямен ойнайды

Футболдан Ұлттық құрама командасы 2016 Еуропа чемпионаты іріктеулері А тобындағы соңғы матчын бүгін кешке (13 қазан) Исландиямен Кония қаласында ойнайды.
Кония муниципалитеті стадионындағы матч жергілікті уақытпен сағат 21:45-те басталады. Матчты Италия Футбол Федерациясы мүшесі Gianluca Rocchi басқарады.
А тобында тағы Голландия мен Чех Республикасы және Латвия мен Қазақстан көгалға шығады.
Еуропа чемпионаты іріктеулерінде соңғы матчына Исландиямен шығатын Түркияның ‘play-off’-та қалуы үшін бүгінгі матчтан 1 ұпай алуы немесе Голландияның Чех Республикасы алдында ұпай жоғалтуы қажет.
Басқа жағынан ұлттық құрама ең үздік 3-ші команда ретінде 2016 Еуропа чемпионатына тікелей қатысуға мүмкіндік табу шансына ие.
Исландияны жеңген жағдайда Қазақстан да Латвияны жеңетін болса Түркия Франциядағы финал матчтарына play-off ойнамай қатысатын болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар