Түрік әскери ұшқышы Бугра Балданның табысы

Лейтенант Бугра Балдан үш категорияда бірінші орын алып, сыйлыққа лайықты деп табылды.

372837
Түрік әскери ұшқышы Бугра Балданның табысы

Түрік әскери ұшқышы Бугра Балданның табысы


Америка Құрама Штаттарындағы НАТО ұшқыш мектебінде білім алған түрік ұшқыштардың бірі лейтенант Бугра Балдан үш категорияда бірінші орын алып, сыйлыққа лайықты деп табылды.


Laughlin әуе базасында өткен рәсімде үш сыйлық алған түрік ұшқышқа марапатын отбасы мүшелері тақты.


2013 жылы Стамбул Йешилкөйдегі Әскери әуе мектебін аяқтағаннан кейін АҚШ-тағы оқуын бастаған лейтенант Балдан академияны үздік аяқтап шықты.


Түрік әуе күштерінің мақтанышы бола білген Бугра Балдан бұдан кейінгі білімін АҚШ-тағы Ғ-16 соғысқа дайындық базасында жалғастырады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар