Түрік волейболшылар финалда
Түрік командасы финалда бүгін Ресей командасымен сайысады.
372123
Түркия волейболшылары 23 жастан төмен ерлер арасындағы Бүкіләлемдік волейбол чемпионатында жартылай финалда Куба командасын 3-0 есебімен жеңіп, ақтық сайысқа көтерілді.
Халықаралық Волейбол федерациясы тарапынан Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан чемпионатта В тобын екінші болып аяқтаған Түркия командасы А тобының көшбасшысы Кубамен жартылай финалда сайысты. Қарсыласын 3-0 есебімен жеңген түрік құрамасы ақтық сайысқа жолдама алды.
Түрік командасы финалда бүгін кешке Түркия уақытымен сағат 18-де Ресей командасымен сайысады.