Түрік құрамасы Колумбиямен сайысады

Анкарада волейбол чемпионаты жалғасып жатыр.

330936
Түрік құрамасы Колумбиямен сайысады

Анкарада өтіп жатқан 2015 FIVB волейболдан әйелдер арасындағы U23 әлем чемпионатында топ іріктеулері бүгін аяқталады. Тобындағы кездесулерді алғашқы екі кезекте аяқтап, жартылай финалға көтерілген түрік қыздар құрамасы бүгін Колумбия командасымен сайысады. Чемпионаттың жеңілмеген жалғыз командасы түрік құрамасының кездесуі TRT Spor арнасынан тікелей көрсетіледі.


Бүгін сонымен бірге Доминик Республикасы Тайланд командасымен, Бразилия командасы Болгариямен, Жапония Перу командасымен, Қытай да Перу командасымен сайысады. 

Чемпионаттың жартылай финал матчтары ертең, ақтық сайыс болса сәрсенбі күні ойналады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар