Түрік фотографтары АҚШ-та

Түркия фотографтар арқылы таныстырылады.

378471
Түрік фотографтары АҚШ-та

АҚШ-та өтетін Лос-Анджелес фотография фестивалінде түрік фотографтарын американдық өнер сүйер қауымға таныстыратын «Консепт: Түркия» деп аталатын байқау үшін қабылдаулар басталды.


Фотографтар қала, адам, табиғат, көрініс және бұйымдар сынды үш түрлі фотомен 31 шілде күніне дейін тегін өтініш беруіне болады.


Лос-Анджелес Фотография фестивалінің құрушысы және фотограф Мерт Түрікоғлу жобаның АҚШ-та назар аударғанын айтты.


Түрікоғлу Калифорния Университетінен шақыру алып, ауқымды конференцияда аталмыш жоба және Түркия мен Америка арасындағы өнер ынтымақтастықтарын талқылағандарын білдірді.


«Консепт: Түркия» мәдениеттер табысуы тұрғысынан өте маңызды шара болмақ. Жоба түріктерді және мәдениетін американдықтарға таныстыру мақсатында фотография өнерімен айналысатын баршаға ашық.


Фестиваль аясындағы байқауда ақтық сайысқа жолдама алатын 35 фото 11-15 тамыз күндері аралығында Лос-Анджелестегі танымал бір галереяда көрмеге қойылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар