Стамбул Ислам әлемінің Жастар астанасы болды

Биыл қалада түрлі шаралар өткізіледі, мұсылман жастардың ортақ жобалары жүзеге асырылады.

316214
Стамбул Ислам әлемінің Жастар астанасы болды

Стамбул қаласы Ислам Ынтымақтастық ұйымының Жастар форумы тарапынан 2015-2016 жылғы Жастар астанасы болып сайланды.


ИЫҰ-на қарасты Ислам конференциясы диалог және ынтымақтастық Жастар форумы мен Түркияның Жастар және спорт министрлігі мен Стамбул қалалық муниципалитетінің ұйытқы болуымен іске асырылған «Стамбул – Ислам әлемінің Жастар астанасы» бағдарламасы басталды.


Бағдарламаның басталуына орай кілт тапсыру рәсімі болып өтті. Рәсімге қатысушыларды Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше 56 елдің жастары қарсы алды.


Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Жастар форумының бас хатшысы Елшад Искендеров Ислам территориясындағы соғыстар салдарынан мұсылмандардың қиын кезеңнен өтіп жатқандарын айтып, «Әрі аймақтағы радикализмнің алдын алу, әрі Ислам әлемінде мықты болашақ орнату үшін жастарға инвестиция салу қажет» деді.


Стамбул қаласы әкімі Васип Шахин де Стамбулдың Ислам әлемі тұрғысынан маңызды қалалардың бірі екенін меңзеп, «56 елдің даусымен астана ретінде сайлануы бізді қуантты» деді.


Баяндамалардан кейін жастарға астана Стамбулдың кілті табыс етілді.


Аталмыш бағдарлама аясында биыл қалада түрлі шаралар өткізіледі. Мұсылман жастардың ортақ жобалары жүзеге асырылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар