475-ші Халықаралық «Месир пастасы» фестивалі Манисада өтті

Фестиваль аясында СОЛОТҮРІК акробаттық тобы көк аспанда шоу жасады.

245380
475-ші Халықаралық «Месир пастасы» фестивалі Манисада өтті

Түрік әуе күштерінің акробаттық тобы СОЛОТҮРІК 475-ші Халықаралық Маниса «Месир пастасы» фестивалі аясында Манисада шоу жасады.
СОЛОТҮРІК F-16 ұшу тобы қолбасшысы ұшқыш жүзбасы Юсуф Курт F-16 реактивті ұшағының кабинасымен орнатылған байланыспен манисалықтарға сәлем берді.
СОЛОТҮРІК көк аспандағы шоуын жерде түсіндірген СОЛОТҮРІК акробаттық тобының Баспасөз офицері лейтенант Эмрах Байры шоуды тамашалаған азаматтарға ұшақтың жылдамдығының сағатына 200 шақырымнан, 1200 шақырымға дейін артқанын атап айтты.
Аспандағы хореография туралы мәлімет берген Байры шоу кезінде 20 бөлек маневр жасалғанын атап көрсетті.
Шамамен 20 минутқа жалғасқан шоуға азаматтар үлкен қызығушылық танытты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар