Армян қырғынының іздері мұражайда
1915-1920 жылдар аралығында шығыстағы аймақтарда өлтірілген түріктердің суреттері, құжаттары Ыгдырдағы мұражайда өз орнын алды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында армян қылмыстық топтары Ыгдыр,Карс және Эрзурумда өлтірген түріктерге байланысты құжаттар «Армяндар тарапынан өлтірілген шәйіт түріктер мұражайында» көрмеге қойылды.
Әсіресе 1915-1920 жылдар аралығында шығыстағы аймақтарда өлтірілген түріктердің суреттері, құжаттары Ыгдырдағы мұражайда өз орнын алды.
Мұражайдың бірінші қабатында топтық мәйіттерден шығарылған сүйектер мен түріктердің мүрделері көрмеге қойылған, сонымен бірге ресми құжаттар да орын алған.
Орта бөлімде болса шәйіт болған түріктер үшін арнап салынған ескерткіш қабір назар аударады.
Осы тақырыпты зерттеуге талпынған азаматтар үшін дайындалған кітаптар да кітапханада орналасқан.
Ұқсас жаңалықтар
Парижде Түрік мәдениеті мен өнері таныстырылды
Францияның астанасы Парижде түрік мәдениеті мен өнерін насихаттау мақсатында шара өтті.