Түрік қызының табысы

Мерсин қаласынан Лачин әлем үшіншісі атанды.

230981
Түрік қызының табысы

Мерсин қаласынан Лачин әлем үшіншісі атанды. 

Мерсин Университеті Мемлекеттік консерваториясы Скрипка бөлімі студенті 8 жасар Лачин Акйол Бельгияда өткен Халықаралық «Grumiaux» жас скрипкашылар байқауында өз аталымында әлем үшіншісі атанды.

Германия, Франция, Ресей, Эстония, Сингапур, Жапония, Финляндия, Латвия, Бельгия, Литва, Голландия сынды әлемнің көптеген елінен жас скрипкашылар қатысқан байқауда Лачин Акйол айырықша есімін «үміт күттіретін скрипкашылар» тізіміне жаздырды.


Түрік қыздың анасы да скрипка шебері, әкесі болса балет шебері.


Қабілетті қыз алдағы уақытта халықаралық деңгейде танымал өнерпаз болуды армандайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар