Стамбулда қызғалдақ фестивалі басталады

Стамбул Қызғалдақ фестивалі 11 сәуір-30 мамыр күндері арасында болады.

289362
Стамбулда қызғалдақ фестивалі басталады

Стамбулда қызғалдақ фестивалі басталады


10-шы Халықаралық Стамбул Қызғалдақ фестивалі 11 сәуір-30 мамыр күндері арасында болады.


Фестиваль аясында саябақтар, бақшалар, тоғайлар мен сарайлар мыңдаған қызғалдақпен безенеді.


Аталмыш фестиваль бойы Эмирган тоғайы мен Гөзтепе 60-жыл саябағы түрлі шараларға мекен болады.


1050 шаршы метрлік әлемнің тұңғыш «Қызғалдақ кілемі» 18-30 сәуір күндері арасында Сұлтанахмет алаңында болады.


Фестиваль аясында түрлі музыка ансамбльдері концерт береді, эбру өнері шеберлері өз өнерлерін көрсетеді, сурет және фотография көрмелері ашылады.


Фестивальде Стамбул Қызғалдақ кубогы ITF Халықаралық әйелдер арасында теннис турнирі мен Университеттер арасы пляж футболы турнирі де өтеді.


Шаралар арасында Қызғалдақ фестивалінің Хронологиялық көрмесі де болады. Көптеген пунктте қызғалдақ сатылады. Сонымен бірге «Дәстүрлі түрік көркем өнерінде қызғалдақ» атты көрме де ашылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар