Мароккода Түрік мәдениетінің күндері басталды

Рабатта түрік өнерпаздар концерт қойды.

245958
Мароккода Түрік мәдениетінің күндері басталды

Мароккода Түрік мәдениетінің күндері басталды.


Марокконың ел ордасы Рабатта басталған Түрік мәдениетінің күндерін ТИКА мен Юнус Эмре институты бірігіп ұйымдастырды.


Рабат және Марракеш қалаларындағы іс-шараларында алдымен Рабаттағы «V Мұхаммед» атындағы театрында Юнус Эмре институтының «Панорама» атты көрмесі ашылды.


Беташарға Түркияның Рабаттағы өкілетті және төтенше елшісі Этхем Баркан Өз, Юнус Эмре институты төрағасы Хаяти Девели, Марокконың саясат, өнер және баспасөз саласының беделді тұлғалары қатысты.


«V Мұхаммед» атындағы көрме мен концертті Марокко Парламент және азаматтық ұйымдарға жауапты министр Хабиб әл-Шубани мен Марокко Жоғары оқу министрі Сүмеййе бин Халдун да тамашалады.


Көрмеде Түркияның 81 қаласы фотосуреттермен таныстырылуда.


Көрменің беташарынан кейін түрік халық билері биленіп, Мәдениет және туризм министрлігі Түрік музыкасы хоры концерт берді.


Осы бағдарламаға Мароккода өмір сүретін түрік азаматтарымен қоса Марокко халқы да қызығушылық танытты.


Түрік мәдениетінің күндері 5 наурыз күніне дейін жалғасады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар