Австралияның Оскары Йылмаз Ердоғанға

Ердоған Рассел Кроумен бірге ойнаған болатын.

203624
Австралияның Оскары Йылмаз Ердоғанға

Австралияның Оскары Йылмаз Ердоғанға берілді. 


Актер Йылмаз Ердоған австралиялық актер Рассел Кроудың «The Water Diviner» атты фильміндегі ролімен Австралия Кино және теледидар өнерлері академиясының Үздік екінші актер сыйлығын алды.


Ердоған Австралияның Оскары деп қабылданған AACTA-да өз аталымында әлемге танымал актерлер Роберт Пэттинсон, Пэтрик Браммал және TJ Power-мен жарысты.


Ердоған Дарданел соғысында үш баласынан айрылып қалған австралиялық бір әкенің Түркияға келіп, балаларын іздеуі баяндалған фильмде майор Хасан ролін сомдаған болатын.


Аталмыш фильмнің көп бөлімі Түркияда түсірілді.


Австралия, Түркия және АҚШ бірігіп түсірген фильмнің басты рольдерінде Рассел Кроу, Ольга Курелинко, Джай Кортни және Джем Йылмаз ойнады.


Түркияның Мәдениет және туризм министрі Өмер Челик сыйлығына орай Йылмаз Ердоғанды құттықтады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар