Шеб-и Арус апталығы Конья қаласында басталды

Мәулананың 741-ші Дүниеге көз жұмғанының жылдығы Халықаралық еске алу рәсімі іс-шаралары 11 күнге жалғасады.

139233
Шеб-и Арус апталығы Конья қаласында басталды

Конья қаласында көптеген мекеме және мемлекеттік қоғамның ынтымақтастығымен биыл «Рухани шаттық, көңіл тыныштығы артсын...» тақырыбымен жүзеге асатын іс-шаралар Мәулана Жалаледдин Руми мен Шемс Тәбризи кездескен Алааддин төбесі маңындағы шырақтардың жағылуымен басталады.
Кейін Мәулана мұражайына дейін сүйіспеншілік және мейірімділік шеруімен жалғасатын іс-шаралар Мәулана мектебінің семаханасында жүзеге асатын Сема рәсімі және Гүлбанг дұғасымен жалғасады.
Іс-шаралар аясында түрік және ағылшын тілінде Месневи сабақтары, конференция, панел, жұмыс жиналыстары, театр мен өлеңдер және көрмен мен таныту стандтары ашылады.
7-17 желтоқсан күндері арасында 11 күн бойынша 21 сема рәсімі жүзеге асырылады.
Сема рәсімі мен басқа іс-шараларға 60 мыңнан астам келуші күтіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар