Кавказ қоғамдары мәдениет кеші

Кавказ қоғамдары Адыгей Республикасындағы жобаға қолдау береді.

202980
Кавказ қоғамдары мәдениет кеші

Кавказ қоғамдары федерациясы демократияласу үдерісінде Түркияда болған оқиғаларды жіті бақылап отырғандарын білдірді.


Кайсери қаласында өткен Кавказ Мәдениеті кеші арқылы Адыгей Автономдық Республикасында құрылысы жалғасып жатқан қонақүйге көмек жиналды.

Кайсери Кавказ қоғамы ұйымдастырған кеште Кавказ қоғамдары федерациясы төрағасы Яшар Асланкая сөз сөйледі. Асланкая "Біз өмір сүрген территорияда, елде бұрын соңды болмаған оқиғалар болуда. Түркияда өмір сүретін халықтарға түрлі құқықтар беріліп жатыр. Біз федерация ретінде осыларды жақыннан бақылап отырмыз." деді.


Аталмыш кеште Ұлттық Білім беру дирекциясына қарасты кейбір мектептерді адыгей тілінде оқытатын мұғалімдер марапатталды.


"Жиле" театр қауымдастығы "Адыгей Survivor" атты спектакль сахналады.


Ашемез халық би ансамблінің биі мен Мазе ансамблінің әндері қызығушылық оятты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар