«Кавказдың жүздері» жобасы

100-ден асқан кейуаналар зерттелуде.

200699
«Кавказдың жүздері» жобасы


Ардахан Университеті тарапынан жүзеге асырылған жоба аясында Кавказ аймағында 100 жастан көп жасаған кейуаналар суретке түсіріліп, әдет-ғұрыптары зерттелуде.


Университет ректоры Проф. Рамазан Коркмаз осы жоба жөнінде журналистерге мәлімет берді. Кавказдың адамдар көп өмір сүретін аймақтар арасында екенін білдірген Коркмаз «Кавказдың жүздері» жобасы аясында 100 жасағандарды зерттегендерін атап көрсетті.


Жоба аясында 100 жасынан көп жасағандардың өмірге көзқарастары, мәдениеттері, тамақтанулары мен генетикалық ерекшеліктері анықталады. Жоба барысында Шешенстан, Дағыстан, Осетия, Түркия, Грузия, Әзірбайжан және Иранда зерттеулер жүргізілді.


Жоба аяғында қолдағы деректерден әрі фотосурет көрмесі ұйымдастырылады, әрі деректі фильм түсіріледі.


Фотосурет көрмесі Америка Құрама Штаттарында, Германия, Ұлыбритания және Түркияда ашылады. Жоба аясында кейуаналардың бірінің өмірі де көркем фильмге арқау болуы мүмкін.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар