«Сенімді порт Түркия» көрмесі

Көрме Нью-Йоркта қақпасын ашты.

156354
«Сенімді порт Түркия» көрмесі

«Сенімді порт Түркия» көрмесі Нью-Йоркта қақпасын ашты.


Көрмені ашқан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Анадолы халқының тарих бойы басына қиындық түскен сансыз ұлт өкілдеріне үйлерімен қоса жүректерін де ашқанын атап айтты.


Бүгін де Сирия дағдарысында Түркияның осы ұстанымын жалғастырғанын білдірген Чавушоғлу халықаралық қоғамның өз мойнына түсетін міндетті орындауға шақырды.


Сирияда шамамен он миллион адамның ел-жұртынан айрылғанына да тоқталған министр осы адамдардың жағдайының өте қиын екенін атап көрсетті.


22 қазан күніне дейін ашық болатын көрмеге БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Джан Эллиасон, БҰҰ-ндағы Түркияның тұрақты өкілі Халит Чевик пен көптеген дипломат және шетелдік журналист қатысты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар