Таулы Қарабах көрмесі Анкарада ашылды

‘Үш ұрпақ, бір қырғын’ атты көрме 3 күн ашық болады

129892
Таулы Қарабах көрмесі Анкарада ашылды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Жемил Чичек Анкарада ‘Үш ұрпақ, бір қырғын’ атты көрменің ашылу мерәсіміне қатысты.
Көрмені аралаған Чичек Таулы Қарабахтың өзін түрік сезінген баршаның күресі екенін атап айтты.
Мәжіліс төрағасы 22 жылдан бері Таулы Қарабахта адамзаттық трагедияның жалғасқанын дегенмен әлем мемлекеттерінің осыған үнсіз қарап отырғанына назар аударды.
Чичек ашылу мерәсімінде айтқан сөзінде «Көптеген ел, кейбір азаматтық қоғам мекемелері, адам құқықтарын алға тартқандар, Сирия мен Иракта және Украинадағы жаңалықтарға назар аударады. Бірақ 22 жылдан бері Таулы Қарабахта адамзаттық трагедия жалғасуда. 1 миллионнан астам түрік бауырымыз елді-мекендерінен айырылды. Ортада заңсыз бір басқыншылық, жауыздық, қастандықтар бар. Сол жауыздықтың бұйрығын бергендер арасында қазіргі Армения президенті де бар. Мұны барша жақсы білу керек, бұл баршамыздың күресі. Сол себепті мұны біз ортақ қайғымыз ретінде қабылдаймыз. Қайтадан түрік бауырларымыз сол аймақта өмір сүретін күйге қауышпайынша осыны ұмыттырмау керек» деді.
Анкарада 3 күн ашық тұратын көрме кезегімен Стамбұл, Бельгия және Голландияда да ашылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар