Жазғы жастар олимпиадасы аяқталды
Түрік құрамасы ойынды 1 алтын, 3 күміс және 6 қола медальмен аяқтады.
Қытай Халық Республикасының Нанкин қаласында өткен жазғы жастар олимпиадасы аяқталды.
Түрік құрамасы ойынды 1 алтын, 3 күміс және 6 қола медальмен аяқтады.
Халықаралық Олимпиада комитеті ұйымдастырған Жазғы жастар олимпиадасының екіншісінің соңғы күні ұлттық палуан Джаббар Дуюм қола медальді қоржынына салды.
Он күндік олимпиадада Түркияның жалғыз алтынын дзюдода қыздар 44 келіде Мелиса Чакмаклы иемденді. Таэквондо қыздар 55 келіде Фатма Сарыдоған, күресте греко-рим 42 келіде Фатих Аслан мен қыздар 70 келіде Тугба Кылыч күмістен алқа тақты.
Қола медаль алғандар: бокста 64 келіде Адем Фуркан Авджы, қыздар 51 келіде Нериман Ыстык, дзюдода 55 келіде Огузхан Караджа, таэквондо +73 келіде Талха Байрам, күресте 46 келіде Джаббар Дуюм мен ескекте Гөкхан Гүвен –Эрен Джан Аслан жұбы.
Ұқсас жаңалықтар
Титаниктен шығарылған сағат аукционда сатылды
Жолаушылардың біріне тиесілі алтын сағат 900 мың фунт стерлингке алушысын тапты.
Голладияда Ислам дініне деген қызығушылық артуда
Голладияда « Король күні» іс-шараларына орай қасиетті Құран Кәрім таратылды.