Әлем мұсылман ғұламалар одағы жиналысы өтеді

Мұсылман ғұламалардың 4-ші кезең жиналысы Ыстанбұлда басталады

96974
Әлем мұсылман ғұламалар одағы жиналысы өтеді

Биыл «Үмбетін оянуында ғұламалардың рөлі» атты тақырыпта өтетін және 3 күнге созылатын жиналысқа түрлі елдерден көптеген ислам ғұламалары қатысады.
Жиналыста Әлем мұсылман ғұламалар одағының төрағасы Юсуф әл-Карадави сөз сөйлейді және бас хатшы проф. Мухиддин Али Карадаги 3-ші кезең қорытындылары туралы баяндама жасайтын болады. Сонымен қатар жиналыста 4-ші кезеңнің атқару комитеті сайланады.
Йемендік ғалым Абдулвеххаб Дейлеми, Шешенстан мүфтиі Салах Мержиев сияқты атақты ғұламалар қатысатын жиналыста «Пікір мәселелерінде ғұламалардың рөлі», «Палестина мен Иерусалим мәселелерінде ғұламалардың рөлі», «Үмбет мәселесіне қызмет үшін ақпарат құралдарын қолдануда ғұламалардың рөлі» сияқты тақырыптарда баяндамалар тыңдалып, ислам әлемінде діни білім берудің қазіргі жағдайы мен келешектегі жоспарлары туралы ой-пікірлер ортаға салынатын болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар