22-ші Еуропа жеңіл атлетика чемпионаты өтуде

Түркиядан Тарык Ағдағ финальға шықты

89501
22-ші Еуропа жеңіл атлетика чемпионаты өтуде

22-ші Еуропа Жеңіл атлетика чемпионаты Швейцарияның Цюрих қаласында басталды.
Ерлер арасында 3000 метр кедергімен жүгіруде Тарык Лангат Акдағ финальға шықты.
Әйелдер арасында 1500 метр іріктеулерінде болса Олимпиада мен Еуропа екіншісі Гамзе Булут жарыстан шығып қалды.
50 елден 1439 спортшы жарысқан сайыста Түркия құрама командасынан 34 спортшы бар.
Алғашқы күні таңертеңгілік сеанста Түркиядан 6 спортшы жарысқа шықты.
Әйелдер командасы 1500 метрлік іріктеуде жеткілікті күш жігер көрсете алмады.
Олимпиада және Еуропа екіншісі Гамзе Булут өз тобында жарысты 12-ші болып аяқтады, сөйтіп чемпионатқа қош айтысты.
Сол қашықтықта жүгірген Эсма Айдемир, ерлерден 400 метрде Батухан Алтынташ пен Явуз Жан, 3000 метр кедергімен жүгіруде Хакан Дувар да жарыстан шығып қалды.
Жақсы хабар Тарык Лангат Акдағдан келді.
Өз тобында 4-ші болып келді, сөйтіп финальға шықты.
Тарык Акдағ ертең медаль үшін жарысқа шығады.
17 тамызда аяқталатын чемпионаттың кешкі сеанстары ТРТ-спорт телеарнасында тікелей эфирден беріледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар